Қытайлықтар көлік кептілісін тудырмайтын автобус жасамақ (видео)

Қытайлықтар көлік кептілісін тудырмайтын автобус жасамақ (видео)
Фото: life.ru

Пекинде өтіп жатқан халықаралық «International High-Tech Expo 2016» көрмесінде қытайлықтар көлік кептілісін реттеуге ыңғайлы жол ретінде ерекше автобус жобасын таныстырды. Бұл жоба көрмеге келушілердің қызығушылығын тудырды.

Жобаны таныстырушылар өз жұмыстарына «Transit Elevator Bus» деген атау берген. Электр тогы арқылы жүретін «Transit Elevator Bus» келешекте автобустар, троллейбустар мен трамвайларды ауыстырады деп бағаланып отыр. Ол жол жиегіндегі арнайы рельстер көмегімен қозғалады.

Келешектің автобусы саналып отырған «Transit Elevator Bus» үшін жол кептелісі кедергі емес. Керісінше қазіргі автобустар секілді кептеліс тудырмайды. Жоба таныстырылымында айтылғандай, замануи автобустың ені 8 метрді, ұзындығы 32 метрге дейін жетуі мүмкін екен. Ал биіктігі 4,5 метрден асады екен. Адамдар аялдамаларда жиналмалы болатын арнайы баспалдақ көмегімен мінеді. 

Ө. Сансызбай