Атадан балаға мұра болар ағаш көлік

Атадан балаға мұра болар ағаш көлік
Фото: naked-science.ru

Бұл көлікке бір қарағанда есіңізсе тез арада түкке тұрғысыз дүние екені түседі. "Болмашы көлік жасап, көп қаржыға кенелудің жолын тапқан екен" деген ойыңыз да болуы мүмкін. Алайда Toyota автокөлік шығарушылары ерекше ағаш тұлпарды заманауи техникамен жабдықтаған. Жылдам жүреді, тоқтайды. Бір сөзбен айтқанда сіз көрген көліктің барлық әрекетін жасауға болады.

Toyota Setsuna көлігін шығарушы мамандардың айтуынша аталған көлік атадан балаға мирас болып қалу үшін арнайы жасалған. Сатып алған қожайыны күтіп қараса, ұзақ жылдар бойы болмысын өзгертпей ұстауға болады. Тағы бір айта кетерлік дүние – компания жұмысшылары темір тұлпардың ағаштан жасалуына байланысты, шеге қағылатын жерлердің аз болуына қатты мән берген. Сонымен қатар, көлікке Жапонияда өсетін қайың ағаштарын пайдаланған. Көліктің бұзылған жерін де қайтадан жөндеуге болады. Тіпті салонның өзіне ағаш пайдаланылса, әр түрлі қызметті көрсететін белгілер жүз жылға дейін жұмыс істеуге әзір екен. Көптің көңілінен шыққан көліктің жарнамасы да анимацияның көмегімен тамаша шыққан. 

B. ZHAQSYMBET