Hyundai Motor 2580 көлігін кері қайтармақ

Hyundai Motor 2580 көлігін кері қайтармақ
Фото: hyundai-motor.co.th

Hyundai Motor Accent үлгісіндегі 2500-ден астам көлігін кері қайтаруға мәжбүр. Оған жолаушы қауіпсіздігі жүйесіндегі ақау себеп болып отыр. Бұл туралы оңтүстіккореялық корпорация басшылығы мәлімдеді.

Америка нарығына дайындалған машиналар арнайы сынақтан өтпей қалған. Мәселен, алдыңғы жолаушы орындығына балаларға арналған кресло орнатылған кезде қауіпсіздік жастықшасы автоматты түрде өшуі тиіс. Ал ақауы бар көліктерде бұл жүйе ауа температурасы төмендеп кеткен кезде жұмыс істемей қалатын болып шықты. Сол себепті компания былтыр қыркүйектің 15-інен бастап сатылған машиналарды тексеріп, ақауды тегін жөндеп бермек.

Дереккөзі: 24.kz

Н. Айдархан