Онлайн-олжа: AutoDraw жасанды интеллект өнімі

Онлайн-олжа: AutoDraw жасанды интеллект өнімі
Фото: autodraw.com

Google компаниясы 2017 жылдың сәуір айында AutoDraw атты жаңа онлайн-өнімін ұсынды. AutoDraw жасанды интеллект арқылы кез келген шимайды әдемі белгішеге, суретке, шағын иллюстрацияға айналдырып жібереді.

Мысалы, Күнді қылқаламмен шамалап салып шыққан соң, жоғарғы бөлімде оған ұқсас фигуралар мен суреттер ұсынылады.

Артынша ұнаған біреуін таңдап, жүктеп алуға болады. 

Сервисте бірнеше белгіше мен фигураны біріктіріп, тұтас иллюстрация жасауға болады. 

Ресурс дизайнерлерге, SMM мамандарына, шығармашыл жандарға арналған.

Massaget.kz