Жасанды интеллект қатерлі ісікті анықтауда 15 қытайлық дәрігерді артта қалдырды

Жасанды интеллект қатерлі ісікті анықтауда 15 қытайлық дәрігерді артта қалдырды
Фото: knews.kg

Пекин емханаларының бірінде жасап шығарылған "BioMind" жасанды интеллекті мидағы қатерлі ісікті анықтауда тәжрибелі мамандарды басып озды. "Синьхуа" агенттігі нейротармақ өз міндетін тез және сапалы орындағаны туралы мәлім етті.

Жасанды интеллект пен 15 дәрігерге миында қатерлі ісік болуы мүмкін делінген 225 науқастың медициналық карталары берілді. Нейротармақ науқастарды 83 пайыз дәлдікпен тапқан болса, дәрігерлер 63 пайыз анықтық көрсетті. Диагноз қоюға "BioMind" 15 минут жұмсаса, дәрігерлер жарты сағат уақытын жоғалтқан.

"Бұл тәжірибенің көмегімен дәрігерлер жаңа технологиялардың күшін түсінеді деп үміттенемін", – дейді Тянтань ауруханасы басшысының орынбасары Ван Йонжин.

Т. Раушанұлы