OPPO F5: нағыз өзіңді таныт

OPPO F5: нағыз өзіңді таныт
Фото: massaget.kz

Кеше «Villa dei Fiori» мейрамханасында ОРРО Kazakhstan компаниясы жаңа өнімнің тұсаукесерін атап өтті. Шарада компания өкілдері OPPO F5, OPPO F5 6GB, OPPO F5 Youth смартфондарын көпке таныстырды.

Кешке Ләйлә Сұлтанқызы, Мадина Сәдуақасова, Айқын Төлепберген, Нұрлан Батыров сынды белгілі жұлдыздар келіп, қонақтарды атаулы кешпен құттықтады. Сонымен қатар, журналистер, блогерлер, басқа да белгілі тұлғалар бой көрсетті.

Компания өкілдерінің сөзіне сенсек, бұл смартфон артықшылықтарға толы. Қандай?

Шараның өтуіне себеп болған жаңа OPPO F5, OPPO F5 6GB, OPPO F5 Youth смартфондарының өзге смартфондардан басты ерекшелігі – селфи түсірудегі сапа. 18:9 өлшемді дисплейлі камерафон 6.0” Full HD+ сапасымен кез келген бейнені сурет ретінде дайындап береді.

«4 Гб жады мен 8 ядролы процессоры смартфонның кедергісіз жұмыс жасауына ықпал етеді» дейді компания өкілдері. Тағы бір артықшылығы – смартфон қолда қанша жүрсе де, қаншама операцияларды орындаса да қызбайды.

Ал бұғатты ашу үшін смартфон иесінің бейнесін «жаттап» алады. Саусақ батырмасымен емес, келбетті тану арқылы бұғатты ашуға болады. Жаңа смартфонның салмағы 152-ақ грамм.

Осындай қасиеттерге ие смартфонның тұсаукесер кеші жоғары деңгейде өтті. Келген құрметті қонақтарға бір-бір смартфоннан тарту етсе, БАҚ өкілдері, серіктестер арасында шағын ойын ойнатылып, жеңімпазға да сый жасалды. Келген қонақтар осы жайтқа арналып жайылған дастарханнан дәм татып, естелік суреттерге түсіп жатты. Кештің соңы көңілді би кешімен жалғасып жатты.

Суреттер сөйлесін

Г. Берік