Жаңартылған Nokia 3310 жұқа әрі түрлі түсті дисплеймен шығады

Жаңартылған Nokia 3310 жұқа әрі түрлі түсті дисплеймен шығады
Фото: lubiteliyablok.com

Әйгілі Nokia 3310 ұялы телефонының жаңартылған нұсқасы жұқа әрі жеңіл және дедисплейі түрлі түсті болып шығады.

Жалпы алғанда Nokia 3310 қатты өзгеріске ұшырамайды. Телефонының жаңартылған нұсқасы жұқа әрі жеңіл болуының себебі 17 жыл ішінде ұялы телефондар құрылымы әлдеқайда кішірейген. Еске салайық, Nokia брендін өндіруші HMD Global фин компаниясы Nokia 3310 ұялы телефондарының жаңа нұсқасын ақпанда шығаратынын хабарлаған. Телефонның дисплейі өзгеретін болады. Алайда, оның қазіргі дисплейлерден айырмашылығы көп, яғни қуаты біразға жетеді. Сонымен қатар, Nokia 3310 батырмалы телефон болып қалады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік