240 жыл бұрын жасалған алғашқы робот әлі "тірі"

240 жыл бұрын жасалған алғашқы робот әлі "тірі"
Фото: cameralabs.org

Естімеген елде көп. Ең алғашқы робот осыдан 240 жыл бұрын жасалған. Бұл бала-жазушы бейнесіндегі бағдарламалы робот 6000 бөлшектен тұрады. Әлемдегі ең алғашқы компьютер болуы да ғажап емес. Оның жасалғанына 240 жыл болғананына қарамастан әлі күнге дейін жұмыс істейді екен.

Таңғажайып бала роботтың аты жай ғана «Жазушы». Осынау 6000 қозғалмалы бөлшектен тұратын роботты 1770 жылдары құрастырып шығарған. Авторы әйгілі швейцариялық сағат жасаушы, механика маманы Пьер Жаке-Дро (Pierre Jaquet-Droz), оның ұлы Анри-Луи (Henri-Louis) және Жан-Фредерик Лешо (Jean-Frédéric Leschot). 

Жаке-Дро автоматты құрылғы жасаудың шебері болған. Құрылғының сыртқы түрі алдамшылау. Кішкентай жалаңаяқ бала қолына құс қауырсынын ұстап ағаш орындыққа отырғызылған. Бір көргенде қарапайым бір ойыншық деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, оның ішінде таңғажайып инженерлік шеберлікпен қиюластырылған механика бар: 6000 бөлшек жазғыш машинаның жұмыс істеуіне қызмет етеді. Компьютердің ескі түрі деген ой туғызуға да болатындай. 

Ойыншық роботтың қолы аса маңызды рөл атқарады. Яғни, оның қолы құс қауырсынының бояуын ғана емес, жазу қағазының қысым деңгейін де бақылап отырады. Механизмнің тағы бір ерекше қасиеті айтылған сөздерді көз жүгіртіп жазып отырады. "Жазушы" сөздер мен 40 символға дейінгі сөйлемдерді жаза алады екен. 

Ж. Жұмағұлов