Ғаламды шырмаған ғаламтор (видео)

Ғаламды шырмаған ғаламтор (видео)
Фото: iamag.co

Шет елдік Моби есімді 51 жастағы диджей өзінің "Are You Lost In The World Like Me?" әніне ерекше бейнебаян ойлап тауыпты. Ол жаһандану дәуірінде адамдардың ғаламторға тоғытылып, қауіпті дүниелердің барлығына атүсті қарағанын көрсетеді. Анимациялық үлгіде бейнеленген образдар бір уақыт ойлануға итермелейді. Мұндағы рөлдерді сомдап жүрген кейіпкерлер селфи жасап, көп қабатты үйде болып жатқан өртті өшірудің орнына суретке түсіріп, бір-біріне лүпілдетіп жүреді. Телефонсыз жалғыздан-жалғыз қалған жігіттің аса қапаланғаны мен адамдардың түртіп кетсе тез ашуланатынын да байқауға болады. Видеоны көргеннен кейін өзіңізді не себепті сабырға шақыра алмайтыныңызды ұғасыз. Сонымен біраз ой жатқан видеоны тамашалаңыздар.

B. ZHAQSYMBET