Apple екі SIM-карталы iPhone шығаруы мүмкін

Apple екі SIM-карталы iPhone шығаруы мүмкін
Фото: m-secure.wsj.net

Америкалық Apple корпорациясы екі сим-сарталы жаңа смартфонды патенттеді. Бұл туралы корпорация өкілдері хабарлаған. Бірақ бұл жаңалықтың смартфонның қай үлгісіне енгізілетіні белгісіз.

Мамандардың сөзінше екінші сим-карта салынатын қабатты енгізу үшін қосымша антенналар, ресиверлер мен екінші радиоқабылдағыш орнату қажет. Бұл өз кезегінде смартфон көлемін үлкейтуді талап етеді.

АҚШ-тың патенттер мен сауда маркалары бюросы корпорацияның жаңа патентін мақұлдаған. Бұл iPhone-да Dual SIM Dual Active (DSDA) технологиясы қолданылмақ.

DSDA технологиясы екі SIM-карта арқылы бір-біріне тәуелсіз түрде мәліметтер беруді, бір уақытта қоңырау қабылдауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Е. Жұмабайұлы