Спортшыларға арналған "ақылды" қолғап

Спортшыларға арналған "ақылды" қолғап
Фото: www.youtube.com

«Ақылды» қолғап жаңа идея қатарына жатпайды, алайда осыған дейінгі үлгілерінің көпшілігі құрылғыны ерекше қолданатын смартфондарға арналған қосымша аксессуар ретінде ғана көрсетіліп жүрді. Лондонның жас бастаушысы «ақылды» қолғаптар туралы түсінікті өзгертетін Glovdi гаджетін ұсынды. Бұл гаджет смартфонның барлық жүйесін жабдықтайды.

Glovdi гаджетін өңдеушілердің айтуы бойынша, бұл құрылғы смартфонның барлық жүйесін жылдам әрі ыңғайлы қолдануды қажет ететін спортшыларға ұнауы мүмкін.

Құрылғының басты экраны дөңгелек пішінді және ол қолғаптың сыртқы жағында орналасқан. Дөңгелек экранның астында интейрфейсті шағын экран бар. Ол қарапайым «ақылды» сағаттардың мүмкіндіктерімен жабдықталған. Glovdi гаджетінде заманауи смартфондардан күтілетін функцияның барлығы дерлік бар: ұялы байланыс, GPS, фитнес жаттықтырушы және ізіне түсу тетігі. Сонымен қатар, қолғапқа дене қимылымен басқаруға болатын тетік қондырылған.

Glovdi гаджетін өңдеушілердің айтуынша, заманауи «ақылды» сағаттардың функционалдығы шектеулі және самртфонды міндетті түрде сағатпен бірге қолдануды қажет етеді. Glovdi жаңа гаджеті уақыт өте барлық «ақылды» сағаттарды және кей смарфондарды ауыстыруы мүмкін. Қазір құрылғы тұжырымдама стадиясында болғанымен, өндірушілер алдағы бірнеше ай аралығында құрылғы өңделіп, прототипі көрсетіледі деп сендіреді. 

А. Жапатова