"Ақылды" шанышқы астың тұздылығын реттейді

"Ақылды" шанышқы астың тұздылығын реттейді
Фото: naked-science.ru

Токио университетіндегі Rekimoto Lab лабораториясының инженерлері электр тогының әлсіз разрядтары арқылы астағы тұздың дәмін реттейтін "ақылды" шанышқы ойлап тапты.

"Ақылды" шанышқыны өндіруші Rekimoto Lab лабораториясынан шыққан Хироми Накамура болды. Тілдің түрлі дәм сезушілігін анықтайтын бұрынғы технология негіз ретінде қолданылған. 2012 жылы Накамура әріптестеріне электр тогы адамның дәм сезу рецептрлерін қалай алдайтынын көрсеткен болатын. Алайда ол кезде ұқсас дәм беруді өңдеу қиын көрінген. "Ақылды" шанышқыны өңдеуге 6 жыл уақыт жұмсаған.  

Шанышқының сабында аккумулятор және электрлік сызба монтаждалған. Қолданушы шанышқыны аузына жақындатқан кезде электр тогының үш деңгейінің біреуін таңдап, іске қосу үшін сәйкес батырманы басу қажет. Бұл үш деңгейдің әрқайсысы адамның тіліне әсер беретін тағамдағы тұздың деңгейін реттейді. Сонымен қатар, өндірушілердің айтуы бойынша, шанышқы қышқыл және "металл" дәміне де ұқсастық жасай алады екен. Шанышқының аккумуляторы шамамен 6 сағатқа жетеді. Прототипті өңдеуге 17,7 доллар көлемінде қаржы кеткен. 

Шанышқы ең алдымен денсаулығына байланысты диета ұстап жүрген адамдарға пайдалы. Мысалы, гипертониямен (қан қысымының артуы) ауыратын адамдарға тұзды тамақ жеуге болмайды. Тұзсыз тамақ жеу оңай емес. Ал "ақылды" шанышқы тамақ жеуде тұзы бар секілді етіп көрсетеді. 

А. Жапатова