Бауы өздігінен байланатын кроссовка

Бауы өздігінен байланатын кроссовка
Фото: uncrate.com

Nike компаниясы өздігінен бауы байланатын кроссовкалардың алғашқы сериялық үлгілерін таныстырды. Оның меңгерушілерінің қандай мүмкіндіктері бар?

Бауы өздігінен байланатын кроссовка шығаруды әртүрлі компания жылдар бойы ойлап жүр. Оларды бұл идеяға итермелеген "Болашаққа оралу" (Назад в будущее) фантастикалық фильмі болды. Бұл фильмде басты рольді сомдаған кейіпкер соған ұқсас аяқ киім киеді. Nike компаниясы фильм жанкүйерлерін қуантып, автоматты бауы бар кроссовкалардың сериялық үлгісін көрсетті. Жаңа туынды HyperAdapt 1.0 атауын алды. Бұл өнімнің кәсіби спортта да пайдасы тиеді деген пікір бар. 

Кроссовканың техникалық жағы күрделі. Заманауи сандық технология мен механикалық инновацияның қосындысынан жасалған. Аяқ киімде тетігі мен аккумуляторы орнатылған басқарушы блогы бар. Аяқ киімнің техникалық жағы күрделі болғанымен, оның иесіне бірден түсіну оңайға түседі. Себебі, HyperAdapt 1.0 кроссовкасы өмірді қиындату үшін емес, жеңілдету үшін ойластырылған. Аяқ киімнің өкшесіне тетік қойылған, сол тетікке аяқ тиген кезде, ол автоматты түрде бауды байлайды. Кроссовканың жанында екі батырма орналасқан. Егер кроссовка сіз ойлағандай аяғыңызды қыспаса немесе қатты қысып жіберсе, сол батырмалар арқылы жеңіл басқара аласыз. 

Мына видеодан өздігінен байланатын бауы бар кроссовка туралы ролик көре аласыздар.

А. Жапатова