Apple «ақылды» сақина шығарады

Apple «ақылды» сақина шығарады
Фото: 24.kz

Apple компаниясы «ақылды» сақина шығару үшін патентке өтініш берді.

Ықтимал құрылғының сипаттамасына сәйкес, ол смартфонмен үйлестірілген түрде жұмыс істейтін болады. Сақинаның сенсорлы экраны арқылы құрылғыға келген хабарлама немесе өзге де өзгерістер туралы сол мезетте білуге болады. Сондай-ақ сақина бұйрық беруге арналған микрофонмен жарақталады. «Ақылды» сақина өз иесінің жазғанын оның қол қозғалысымен берген ишаратынан да тани алатын болады.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы