Шведова WTA рейтингісінде бір сатыға жоғарылады

Шведова WTA рейтингісінде бір сатыға жоғарылады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова Әйелдер теннисі ассоциацияның (WTA) жаңарған рейтингісінде бір сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Енді ол әлемдік рейтингте 37-орынға жайғасты. 

Ал екі теннисші қызымыз керісінше төмен сырғып кете барды. Юлия Путинцева 92-ден 96-орынға түссе, ал Галина Воскобоева 113-тен 115-орынға құлдырады. Ксения Первак пен Сесиль Каратанчева бұрынғы орындарын өзгеріссіз сақтап, сәйкесінше 108 және 119-орындарды ұстап қалды.  

Зарина Дияс 218-орыннан көрінсе, Қазақстанның тағы бір өкілі Анна Данилина 350-орынға тұрақтады. 

Ал әлемдік рейтингтің бірінші ондығында өзгеріс орын алған жоқ. Американдық Серена Уильямс - бірінші, ресейлік Мария Шарапова - екінші, ал беларусь қызы Виктория Азаренко - үшінші орынды иеленді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: wtatennis.com


Б. Қосмағамбет