Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Лэнс Армстронг жүзуші болмақ

Лэнс Армстронг жүзуші болмақ

Лэнс Армстронг жүзуші болмақ

Әлемді соңғы кезде шулатып тастаған велошабандоз Лэнс Армстронг жүзумен айналыспақ. Ал оның барлық марапаттары мен медальдары допинг қолданды деген айыппен жақында ғана алынып қойған болатын.

Жузуден турнир United States Masters Swimming атты америкалық ұйымның ұйымдастыруымен өтпек екен. Атқарушы директор Роб Батчердің сөзіне сенсек, допинг қабылдаса да оны қатыстыра беретін болған, ал жалпы жарыс антидопингтік агенттіктің талаптарына жауап бермейді. Атақты чемпионның барлық марапатын тартып алып, қандай да бір жарысқа қатыстырмау керек деген шешім жасаған да осы агенттік болғанын еске сала кетейік.

«Біздің мақсатымыз ересектерді жүзу спорт түріне шақыру ғана. Біз алпысыншы жылдардан бері жұмыс жасап келеміз» дейді Батчер.

Лэнс Армстронг өзінің жасымен қатарлас (40–44 жас аралығы) спортшылармен 500, 1000 және 1650 метр қашықтықтарға қатысуға жазылып қойған. Ал бұған дейін даулы велошабандоз жүзу, жүгіру және велосипед тебу спорт түрлерін қосатын триатлонға және марафондық жүгіруге қатысқан болатын.  

Лэнс Армстронг – америкалық танымал велошабандоз. Оның «Тур де Франс» додасындағы марапаттарынан бөлек, 1993 жылғы әлем чемпионатының жеңісі, Сидней Олимпиадасының қола медалі және тағы да басқа көптеген марапаттары бар. Оның танымалдылығы ісік (Рак) ауруынан айығып кеткен спортшы болғандықтан да елге жайылды. Ол 2011 жылы спорттағы жолын аяқтаған болатын. Бірақ жыл өткен соң, 1998 жылдан бергі марапаттарының барлығы да жоққа айналды. Алғашқы кезде айыптауларға қарсы болған спортшы кейін Опре Уинфри есімді журналиске берген сұхбатында мойындаған еді.

Айтпақшы, аңызға айналған спортшының өмірі жайлы баяндалатын фильм де шығатын болды. «Өтіріктер циклы: Лэнс Армстронгтың жеңілісі» («Цикл лжи: падение Лэнса Армстронга») атты фильмді Paramount Pictures және Bad Robot компаниялары қолға алып отыр. Сценарий авторы Джульетта Макур. Сценарист атақты спортшының өмірі туралы деректі шығармасын 1996 жылы, ол ісік ауруын жеңген кезінен бастап жазған көрінеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: furfurmag.ru

730 0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 08 сәуір 2013, 10:58
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...