Маррей әлемдік рейтингте Федерердің алдына шықты

Маррей әлемдік рейтингте Федерердің алдына шықты

Британдық теннисші Энди Маррей кәсіпқой теннисшілердің Ассоциациясы (АТР) түзген рейтингте швейцариялық Роджер Федерерді басып озды. Ол Майамиде өткен турнирден соң, жаңарған рейтингте екінші орынға көтеріліп, даңқты швейцариялықты үшінші орынға сырғытты. 

Майами турнирінің финалисі атанған екінші теннисші испандық Давид Феррер әлемнің 4-ракеткасы атанды. Ал оның отандасы Рафаэль Надаль 5-орынға ығысты. Әлемдік көшбасшылықты әлі күнге дейін серб Новак Джокович ұстап тұр.  

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин болса, 156-орынға тұрақтады. Евгений Королев пен Юрий Щукин үш сатығы жоғарылап, 187 және 463-орындарды місе тұтқан. Ал Андрей Голубев болса, ATP рейтингісінде 205-орында. 

АТР рейтингісі. 1 сәуір:
1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 12370 ұпай,
2 (3). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 8750,
3 (2). Роджер Федерер (Швейцария) - 8670,
4 (5). Давид Феррер (Испания) - 7050,
5 (4). Рафаэль Надаль (Испания) - 6385,
6 (6). Томаш Бердых (Чехия) - 5145,
7 (7). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 4750,
8 (8). Жо-Вильфрид Цонга (Франция) - 3660,
9 (10). Ришар Гаске (Франция) - 3230,
10 (9). Янко Типсаревич (Сербия) - 3000,
...156 (156). Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 336;
... 187 (190). Евгений Королев (Қазақстан) - 256;
... 205 (206). Андрей Голубев (Қазақстан) - 230;
... 463 (466). Юрий Щукин (Қазақстан) - 74;
... 592 (593). Денис Евсеев (Қазақстан) - 41;
... 599 (602). Алексей Кедрюк (Қазақстан) - 39.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: rsport.ru

Б. Қосмағамбет