Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Жарайсың, Гена!" Головкин Чемпиондық атағын қорғап қалды

"Жарайсың, Гена!" Головкин Чемпиондық атағын қорғап қалды

Кәсіпқой бокста өнер көрсететін отандасымыз Геннадий Головкин өзінің кезекті кездесуін жапондық былғары қолғап шебері Нобухиро Ишидаға қарсы өткізіп, кездесудің үшінші раундында нокаутпен жеңіске жетті.

Монаконың Монте-Карло қаласында өткен бұл кездесуде орта салмақтағы IBO және WBA тұжырымындағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен 37 жастағы орта салмақтың уақытша чемпионы Нобухиро Ишидамен жұдырықтасқан болатын.

Қос боксшы да кездесудің бірінші бөлігін бір-бірлерінің осал тұстарын іздеп, барлаумен өткізді. Екінші раундтан бастап Генаның қарқыны үдей түсті. Ол жапондық боксшыға бірнеше жойқын соққыларын да өткізді. Дегенмен, тәжірибелі боксшы екінші раундты әупірімдеп жүріп аяқтады. Ал үшінші кезеңде қазақстандық былғары қолғап шеберінің басымдылығы айқын көрінді. Генаның оң қолмен жұмсаған жойқын соққысы Ишиданы есінен тандырды. Есін жинай алмаған жапон шаршы алаңның арқанынан асып түсіп, тура қазылардың алдына құлады. Дәрігерлер мен техникалық топ көмекке келген соң, есін жиған жапондыққа жеңілісті мойындаудан басқа амал қалмап еді.

Кездесу аяқталған соң Головкин алғы сөзіне былай дейді: «Маған бұл қала мен ел ұнайды. Барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз. Әрине, мен Ишиданы жеңгеніме өте қуаныштымын. Нобухироға менімен жұдырықтасқаны үшін алғысымды айтамын».

Айта кетейік, бұл Геннадий Головкиннің кәсіпқой босктағы 26-шы жеңісі. Оның 23-ін Гена таза нокаутпен жеңген. Енді Головкиннің промоутерлерінің айтуынша, ол кезекті кездесуін 2013 жылдың шілдесінде өткізеді.



Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

2156 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 31 наурыз 2013, 13:04
Пікірлер
+0
31 наурыз 2013, 14:17

оо жарайсың!

+0
31 наурыз 2013, 14:45

жарадың Головкин әлі талай биіктерді бағындыр жеңіске жете бер

+0
31 наурыз 2013, 16:00

жаарайсың ,батыр!

+0
31 наурыз 2013, 17:54

Гена әрине барлық мадаққа лайық. Бірақ қарсыласын мықты деп айтуға келмес. Әлемде Генадан да жоғарғы дәрежеде тұрған боксшылар Генадан қаймығады, сондықтан да, Генаның уақытын алып, басқа әлсіздеу қарсыласпен жолықтырып жатыр. Мұның бәрі саясат!

+0
31 наурыз 2013, 19:29

:D жарайсың Гена!

+0
01 сәуір 2013, 10:22

Азамат!!!

+0
01 сәуір 2013, 11:59

Жарайсың)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...