Қарымта кездесуге боксшылар сайланды

Қарымта кездесуге боксшылар сайланды

WSB сериясының ширек финалында өнер көрсетіп жатқан «Astana Arlans» пен «Argentina Condors» командалары арасында қарымта кездесуге қатысатын боксшылардың тізімі жарияланды.

Алматының «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтетін бұл жекпе-жекте алғашқы болып ринг төріне 54 келі салмақта Бағдат Әлімбеков пен Игнасио Перрин шығады.

61 келі салмақта біздің команданың атынан бұл кеште бритадық легионеріміз Эрик Донован аргентиналық Брайан Иван Нуньезпен кім мықтыны анықтайтын болады.

Ал 73 келі дәрежесіне дейінгі салмақта Константин Снигур мен Давид Хенри Поланко арасындағы кездесу өтеді.

Жартылай ауыр, яғни 85 келіде біздің команданың атынан ирандық Эхсан Рузбахани шығады. Эхсанға қарсы аргентиналық команданың бапкерлері Факундо Нуэлю Сималюді шығарғанды жөн деп санаған екен.

Ал аса ауыр салмақта бұл бокс кешіне Роман Капитоненко мен Анхел Вийальба нүте қоятын болады.

Айта кетейік, бұл командалар арасындағы алғашқы Аргентина жерінде өткізген жекпе-жек 2-3 есебімен аргентиналық былғары қолғап шеберлерінің пайдасына аяқталған болатын. Егер 29-наурыз күні Алматыдағы кездесу де 3-2 есебімен біздің пайдамызға шешілетін болса, Мирас Байырханов пен Хуан Хосе Веласко арасындағы кездесу шешуші жекпе-жек болады.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

А. Құлтай