Сүйінші! Денис Кузин конькимен жүгіруден әлем чемпионы атанды

Сүйінші! Денис Кузин конькимен жүгіруден әлем чемпионы атанды

Бүгін қазақстандық Денис Кузин Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем біріншілігінде 1000 метр қашықтыққа жүгіруде алтыннан алқа тағынып, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Кузин 1000 метрлік қашықтықты бағындыруға айдынға тоғызыншы жұп ретінде шыққан болатын. Нәтижесінде ол осы аралықты 1 минут 9,14 секундта басып өтіп, бірінші орыннан көрінді. Күміс алқа оңтүстік кореялық Тай Бум Моға бұйырса, әлем рекордының иесі американдық Шани Дэвис тек қоланы қанағат тұтты. 

Айта кетейік, Денис Кузин конькимен жүгіруден Қазақстан атынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы болып тарихқа еніп отыр. Осыған дейін, тек 1996 жылғы әлем біріншілігінде Людмила Прокашева 3000 метр қашықтықта қола медаль олжалаған болатын. 

Конькимен жүгіру. Жекелей қашықтықтағы әлем біріншілігі. Ерлер, 1000м. Сочи қаласы (Ресей):

1. Денис Кузин (Қазақстан) - 1.09,14;

2. Тай Бум Мо (Оңтүстік Корея) - 1.09,24 (+0.10);

3. Шани Дэвис (АҚШ) - 1.09,30 (+0.16).

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosportkz.kz

Б. Қосмағамбет