Қай футболшының жалақысы көп?

Қай футболшының жалақысы көп?

Францияның атақты спорт басылымдарының бірі France Football журналы жуырда ең көп жалақы алатын аяқдопшылардың тізімін жариялапты. Бұл тізімде Англия, Испания, Италия, Германия біріншілігінде доп теуіп жүрген футболшылар басымырақ екен. Сонымен әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы кім? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.

France Football басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп жалақыны Англия құрамасының экс-капитаны Дэвид Бекхэм алады екен. Оның бір жылдық жалақысы 36 миллион еуро тең келеді. Мұнша көп ақшаның басым көпшілігін ол жарнамалық роликтерге түсу арқылы тапқан. 36 миллонның тек 5 пайызын ғана Дэвид өзінің бұрынғы командасы "Лос-Анджелес Гэлаксиден" алған. Жуырда Бекхэм футболдан  Қытай елінің ресми елшісі болды. Демек, осы жылдан бастап бұл футболшы әмиянын толтырмаса, азайтпайтыны айдан анық!

Тізімнің екінші сатысында «Алтын доптың» төрт дүркін иегері Леонель Месси орналасыпты. Аргентиналық шабуылшы өткен жылы 35 миллион еуро көлемінде жалақы алған. Естеріңізде болса, Лео France Football журналының тап осы тізімінде үш жыл қатарынан көш бастап келген болатын. Өткен жылы ол 33 миллион еуро көлемінде жалақы алған еді. Месси айлығының 12,5 миллион еуросын «Барселона» командасынан алса, ал қалған 22 миллионын жарнамалық келісім-шарттардан алады.

Үздік үштік мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду қорытындылап тұр. Оның жылдық жалақысы 30 миллион еуроға тең келеді. Роналду айлығының 13,5 миллионын клубтан алса, қалған 16,5 миллионын таза қаржылай табыстан түсірген.  

France Football журналының тізімен кірген 20 футболшының тізім

4. Самюэль   Это'О (Анжи) 24 миллион евро

5. Неймар ("Сантос") - 20 миллион евро;
6. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити") - 19 миллион евро;
7. Уэйн Руни ("Манчестер Юнайтед") - 18 миллион евро;
8. Златан Ибрагимович (ПСЖ) - 17,5 миллион евро;
9. Яя Туре ("Манчестер Сити") - 16,6 миллион евро;
10. Фернандо Торрес ("Челси") - 16,3 миллион евро;
11-12. Карлос Тевес ("Манчестер Сити") - 16,2 миллион евро;
11-12. Давид Сильва ("Манчестер Сити") - 16,2 миллион евро;
13. Кака ("Реал") - 14,5 миллион евро;
14. Бастиан Швайнштайгер ("Бавария") - 14 миллион евро;
15. Филипп Лам ("Бавария") - 13,5 миллион евро;
16. Икер Касильяс ("Реал") - 12,7 миллион евро;
17. Дидье Дрогба ("Галатасарай") - 12,6 миллион евро;
18. Джанлуиджи Буффон ("Ювентус") - 12,4 миллион евро;
19. Дарио Конка ("Гуанчжоу Эвергранд") - 12,1 миллион евро;
20. Карим Бензема ("Реал") - 12 миллион евро.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН