Денис Тен әлем үздіктерінің ондығына кірді

Денис Тен әлем үздіктерінің ондығына кірді

Қазақстандық спортшы Денис Тен Халықаралық мәнерлеп сырғанау одағының рейтингісінде 6-орынға көтерілді.

Отандасымыз 3203 ұпаймен әлемдегі үздіктердің ондығына кірді. 1080 ұпайды ол Канадада өткен әлем біріншілігінде жинаған. Есіңізге салсақ, Денис Тен ол жерден күміспен оралған. 

Рейтинг тізімінің басында канадалық Патрик Чан (4808 ұпай) тұр, айта кетсек ол әлемдік біріншіліктің жеңімпазы. Екінші жіне үшінші орындарда жапондықтар, сәйкесінше Юзуру Ханю мен Дайсукэ Такахаси.

16 наурыз күні аяқталған мәнерлеп сырғанау біріншілігі нәтижесінде Денис Тен күміске ие болды, ал алтын иегері Чан бұл жүлдені үшінші рет алып отыр. Үшінші орында қола алқамен испандық Хавьер Фернандес.

Былтыр ғана Тен осы рейтингтің 16-шы орнында болған еді. Оның әлемдегі үздіктердің ондығына кіргендігі қуантарлық жай.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vesti.kz

С. А