"Ярыш" командасы және бозбала Әуезовтің суреті елге оралды

"Ярыш" командасы және бозбала Әуезовтің суреті елге оралды

Таяуда Семейдегі татар мәдени орталығы мұржайы Қазақстандағы алғашқы футбол командасының бізге беймәлім бұрынғы суреттерімен толықты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Қазақ футболының 100 жылдығына орай Германияда тұрып жатқан Семей қаласының бұрынғы тұрғыны Рәмиса Нығматуллина аталған мұражайға "Ярыш" командасының алғаш құрылған уақыттағы суреттерін тапсырған.

"Осы бір суреттерден команданың алғаш құрылып жатқан уақытын көреміз. Солардың ішінде, Мұхтар Әуезовтің бозбала шақтағы суреті" - дейді Семей қаласындағы Татар мәдени орталығы мұражайының жетекшісі Шаукат Файзуллин.

Айта отырсақ, Рәмиса Нығматуллина "Ярыш" командасының алғашқы капитаны Юнус Нығматуллиннің жиен қарындасы болып келеді.

Осы жылдың күз айында Семейде қазақ футболының 100 жылдығын кең көлемде тойлап өту жоспарланып отыр. 

 Юнус Нығматуллин. "Ярыш" командасының алғашқы капитаны

 Юнус Нығматуллин Ғафифа есімді қызбен

"Ярыш" футбол командасы

"Ярыш" футбол командасы

суреттер: мұражайдан

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига