Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Дәуренбек Тәжімбетов: «Шахтермен» үшінші рет чемпион атанғым келеді»

Дәуренбек Тәжімбетов: «Шахтермен» үшінші рет чемпион атанғым келеді»

Дәуренбек Тәжімбетов: «Шахтермен» үшінші рет чемпион атанғым келеді»

Футболдан Қазақстан біріншілігінің басталуына аз уақыт қалды. Бүгінде еліміздің барлық командасы Түркия жерінде соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Былтыр ел чемпионы атанған «Шахтер» командасы да атағын қорғап қалу үшін қызу дайындықтарын өткізуде. Виктор Кумыков баптайтын командаға жаңадан бірнеше ойыншы қосылған екен. Солардың бірі Қызылорда футбол мектебінің тәлімгері - Дәуренбек Тәжімбетов. Ол қарағандылық команда қатарына шымкенттік «Ордабасы» командасынан ауысып келді. Бүгінде Дәуренбек командасымен бірге Түркиядағы жаттығуларынан елге оралды. Біз осы жағдайды пайдаланып, футболшымен сұхбаттасқан болатынбыз.

 — Дәуренбек, жаңа маусымға дайындық қалай өтуде?

— Жалпы дайындықтарымыз жақсы өтуде. Біз жақында Түркиядан оқу-жаттығу жиындарынан оралдық. Ал бүгінде Астанада дайындалып жатырмыз. Жігіттердің барлығы жақсы көңіл-күйде. Сондықтан да алдағы маусымда сәтті өнер көрсетеміз деген ойдамын.

— 3 наурыз күні сіздер Қазақстанның Суперкубогы үшін таласатын боласыздар. Бұл кездесу туралы не айта аласыз?

— Ия, «Шахтер» командасы осымен үшінші рет Қазақстанның Суперкубогы үшін таласатын болады. Алдыңғы екі кездесуінде де жеңіліп қалған болатын. Енді үшінші рет қатысқалы жатқан бұл матчта біз міндетті түрде жеңіске жетуіміз керек. Жалпы командаға маусымды жеңіспен бастаған дұрыс болар еді. Бапкер біздің алдымызға әр кездесуде тек бір мақсат қояды, ол – жеңу.

— «Шахтер» командасына ауысып келгенде, сізді жанкүйерлер мен команда қалай қабылдады?

— Өте жақсы. Негізінен біз командадағы көптеген ойыншылармен таныспыз. Сондықтан клубтың сапына қосылу маған қиынға соққан жоқ.

—Жаңа бапкеріңіз Виктор Кумыков туралы не айта аласыз?

—Мен бұл бапкермен жақсы таныспын. Біз 2004 жылы «Қайсар» командасының сапында бірге жұмыс істегенбіз. Өз ісінің нағыз шебері десе де болады.  

— Қарағандылық команданың негізгі құрамына ілігу оңайға соқпайтын шығар...

— Әрине. Өйткені бұл командада кіл мықты футболшылар жиналған. Шабуыл шебінде командада төрт бірдей «сен тұр мен атайын» дейтін ойыншылар бар. Дегенмен, жатпай-тұрмай дайындалып, негізгі құрамда жиі шығамын деп ойлаймын.

— Жаңа командаңыздың сапында қай нөмірмен өнер көрсетесіз?

— 18-нөмірмен ойнайтын боламын.

— Бұл нөмірді өзіңіз таңдадыңыз ба?

—Ия. Бұл нөмірмен мен бала күнімнен бастап ойнаймын. «Ордабасы» сапында да 18-нөмірмен өнер көрсеткем.

— Жаңа маусымға алдыңызға қандай мақсаттар қойдыңыз?

— «Шахтер» сапында өзімнің алғашқы маусымымды өткізгелі жатырмын. Сондықтан да үшінші рет командамен чемпион атанғым келеді.

—   Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан : Уалихан Қосанбай

Сурет: Жеке мұрағатынан

1157 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 01 наурыз 2013, 14:17
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...