Яо Мин саяси кеңестің мүшесі болды

Яо Мин саяси кеңестің мүшесі болды

Қытайлық баскетбол шебері Яо Мин Қытай үкіметі саяси кеңестің мүшесі болды. Ол бұл саяси сахнаға Шаңхай қаласының өкілі ретінде шығып отыр. Яо 2002 жылдан 2011 жылға дейін АҚШ-тың Хьюстон «Ракета» командасында ойнаған болатын. Баскетбол спортында жұлдыздай жарқыраған бұл еңсегей бойлы азамат өз отанына оралғалы жылдан асқан болатын.

Өз өмірін саяси сахнаға бұрған баскетболшы Қытай астанасы Пекинде өтетін алдағы екі ірі мәжіліске саяси кеңестің мүшесі ретінде қатысатын болады.

Айта кетерлігі, осыдан бір апта бұрын ол Американың Лос Анджелес қаласында «Жылдың көреген тұлғасы» сыйлығына ие болған еді. Ол Америкада спортпен айналысып жүрген кезінде Қытай елінде «Яо Мин қор қоғамы» құрылған. Сонымен бірге, бүгінге дейін «Халықаралық жабайы хайуанаттарды қорғау» шараларына айтарлықтай үлес қосқан болатын.

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: news.bandao.cn

А. Құлтай