Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Алексей Ни: «Олимпиадаға қатысқан зілтеміршілер әлі демалуда»

Алексей Ни: «Олимпиадаға қатысқан зілтеміршілер әлі демалуда»

Алексей Ни: «Олимпиадаға қатысқан зілтеміршілер әлі демалуда»

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы жаңа маусымға қызу дайындықты бастап кетті. Команда жаңа жылда қандай жарыстарға қатысатынын және Ұлттық құрама сапында қандай өзгерістер орын алатынын Массагет тілшісіне Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни айтып берді.

— Жаңа маусымға қандай көңіл-күймен келдіңіздер?

— Жаңа маусымға тамаша көңіл-күймен келдік десек те болады. Біз Лондонда бұрын Қазақстан тарихында болмаған жетістіктерге жетіп, айды аспаннан бір-ақ шығардық.

— Жаңа маусымға дайындықты қашаннан бастадыңыздар?

— Маусымды біз қаңтар айының ортасынан бастадық. Бүгінде Алматыда дайындалып жатырмыз. Оқу-жаттығу жиындары сәуір айының 23-іне дейін жалғасатын болады. Содан соң Азия біріншілігіне қатысатын боламыз.

— Қазір құрама сапында қандай ауыр атлеттер дайындық өткізуде?

— Құрама сапында бүгінде тек жастар ғана дайындалып жатыр. Олимпиадада атой салған жігіттер мен қыздар әлі де демалып жатыр.

— Олимпиада жүлдегерлері тым ұзақ демалып жатқан жоқ па?

— Олар бұл демалысқа лайықты. Азия чемпионаты өткен соң жаттығуға кірісетін болады. Қазірде біз басты назарымызды жастарға бөліп отырмыз.

— Сонда бапкерлер қосыны жас ауыр атлеттерді Қызылордада өткен ел біріншілігінде сынақтан өткізіп үлгермеді ме?

— Ішкі біріншілік пен халықаралық жарыстың айырмашылығы жер мен көктей! Жастардың шынайы мүмкіндігін біз тек халықаралық жарыстарда ғана көре аламыз.

— Еліміз алғашқы рет қабылдайтын Азия біріншілігіне ерекше дайындалып жатқан шығарсыздар?

— Әрине! Өз жерімізде жанкүйерлерді қуантқымыз келеді. Сол үшін де қызу дайындық өткізудеміз. Сонымен қатар биыл Қазан қаласында жазғы Универсиада өтетін болады. Біз ол жарысты да назарымыздан тыс қалдырған жоқпыз. Ал қазан айында Әлем чемпионаты өтетін болады. Міне, осы жарыстардың барлығына дерлік спортшыларды баптайтын боламыз.

 — Үлкен жарыстарда топ жару үшін алдымен спортшылардың жағдайын жасау керек. Біздің ауыр атлеттердің жеке жаттығу базасының құрылысы қалай өтуде?

— Бұл мәселе шешімін тапты. Қазірде базаның құрылысы басталып кетті. Барлық жұмыстары біткен соң, сіздерді шақырып, ресми түрде ашылу салтанатын өткізетін боламыз.

Әңгімеңізге рақмет! 

Сұхбаттасқан: Уалихан Қосанбай

Сурет: prosportkz.kz, sports.kz

278 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 21 ақпан 2013, 13:48
Пікірлер
+0
21 ақпан 2013, 14:39

Нидің біліктілігі мен мықтылығын мойындаймын. Қыз-жігіттерімізді жақсылап дайындай берсін

+0
21 ақпан 2013, 15:42

Керемет жаттықтырушы!

+0
22 ақпан 2013, 00:02

жаксы жаттықтырушы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...