Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Гузель Манюрова: «Күрессіз Олимпиаданы елестете алмаймын»

Гузель Манюрова: «Күрессіз Олимпиаданы елестете алмаймын»

Гузель Манюрова: «Күрессіз Олимпиаданы елестете алмаймын»

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бүгінде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Гузель Манюровамен сұхбат.

Манюрова баптайтын балуан қыздар маусымашар турнирлерін өткізіп те үлгерді. Ресейдің Красноярск қаласында өткен Иван Ярыгин атындағы «Голден Гран-При» додасында Татьяна Аманжол алтыннан алқа тағып келді.

-Краcноярда өткен жарыста біздің қоржында негізінен тағы да бір күміс болуы керек еді. Ол жақта біздің жас талантты балуанымыз Катя Ларионова финалға шығуы керек болатын. Дегенмен жартылайфиналдық белдесуде төрешілер ресейлік спортшыға бүйректерін бұрды. Татьяна Аманжолға келетін болсақ, мен ол спортшының көрсеткен нәтижесіне өте қуаныштымын. Ол жарыс барысында бірде-бір қателік жасамай, турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл балуан спортшы ретінде шыңдалып келеді. Тағы бір айта кететіні, Аманжол жуырда ана атанған болатын. Ресейдегі жарыс оның соңғы бір жарым жылдағы алғашқы бәсекесі болды, - деп бастады әңгімесін Гузель Манюрова.

 

- Гузель, сіз жарты жылдан бері күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып келесіз. Дегенмен, бір сұхбатыңызда өзім де кейбір жарыстарға қатысатын шығармын депсіз. Бұл жылы сізді боз кілем төрінен көре аламыз ба?

- Бұл жылы мен ешқандай жарысқа қатыспайтын шығармын. Команданың бапкері әрі спортшысы ретінде жарыста өнер көрсету өте қиын. Мен мұны өткен жылғы Әлем чемпионатында байқадым. Ол кезде мен бапкер де болдым, өзім де  белдестім. Бапкер ретінде әрбір шәкіртіңнің белдесуін қарап, жасаған кемшіліктерін айтып отыруың керек. Ал белдесуге сені шақырып қалса, ештеңеге алаңдамай, тек өзіңнің қарсыласың туралы ғана ойлап кетесің. Сондықтан да қазір тек бапкерлік қызметті атқаратын боламын. Ал келер жылы Азия ойындарына қатысып қалатын шығармын.

- Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда сіз өнер көрсететін 72 келі салмақта бірінші нөмір бос деген сөз ғой?

- Бос десек те болады. Бірақ, бізде бүгінгі таңда бұл салмақта күресетін талантты қыздар бар. Егер өсіп келе жатқан буынның ішінде мені жеңетін балуандар шықса, өз орнымды беруге дайынмын.

- Бүгінде күрестен Қазақстан қыздар құрамасында сізден басқа қандай бапкерлер жұмыс істеп жатыр?

- Жуырда біз құраманың аға бапкері ретінде Сергей Зыковты таңдадық. Ол Қазақстанда дүниеге келген. Бапкерлік ғұмырының басым көпшілігін Қырғызстан жерінде өткізген. Ол жақта саяси жағдай ушығып кеткен соң, Ресейде біршама жұмыс істеді. Жақында бұл маманның Ресей жеріндегі келісім-шарты аяқталды. Сондықтан да біз Сергей Зыковты өзімізге шақыртуды жөн санадық. Одан басқа командамен күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионы Серік Алшынбаев та жұмыс істейді. В.Сутормин мен Э.Сыздықов секілді білікті бапкерлеріміз де бар.  

- Командада бүгінде жас балуандар, яғни жас буын өкілдері көп сияқты...

- Ия. Маусым басынан бастап біз жасөспірімдер мен Ұлттық құраманы біріктірдік. Қазіргі таңда отыз шақты спортшы қыздармен алдағы өтетін Әлем кубогына дайындалып жатырмыз. Жаттығуларда, жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен балуандарды іріктеп, Әлем біріншілігіне алып баратын боламыз.

- Әлем кубогы деп қалдыңыз, ол турнирде сіздердің басты қарсыластарыңыз кім болады деп ойлайсыз?

- Жалпы, Әлем кубогында барлық құрлықтан небәрі 8 ғана құрама қатысатын болады. Бұлардың қатарында Жапония, Қытай, Канада, Беларусь, АҚШ, Үндістан, Монғолия және Қазақстан құрамалары бар. Биыл бұл дода Монғолия жерінде өтетін болады. Жарыс басталар алдында бапкерлер Ұлан-Баторда жиналып, жеребе тартатын болады. Топтың жеңімпаздары бірінші және екінші орынға таласпақ. Байрақты бәсекеде басты қарсыластарымыз деп Жапония, АҚШ және Канада спортшыларын айтар едім. Дей тұрғанмен, біз бұл жарысқа жақсылап дайындалып, еліміздің атын абыроймен қорғаймыз деген ойдамын.

- Өткен аптада "Күрес спорты Олимпиада ойындарынан шығып қалуы мүмкін" деген әңгіме шықты. Сіз бұл туралы не айта аласыз?

- Мен бұл жаңалықты БАҚ өкілдерінен естідім. Және біршама таңғалдым. Меніңше, бұл дұрыс шешім емес. Олимпиада ойындарының тарихын парақтасаңыздар, күрес, жүгіру, бес сайыс Олимпиадаға бірінші спорттың түрі болып бекітілген. Күрессіз Олимпиаданы елестете де алмаймын.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Уалихан Қосанбай

Cурет: vesti.kz, wrestling.com.ua 

1087 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 22:07
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 17:40

Күрессіз олимпиаданы қалай елестетуге болады?

+0
18 ақпан 2013, 20:34

Күрессіз шынымен менде елестете алмаймын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...