Полторанин әлем Кубогының спринттік кезеңінде жеңіске жетті

Полторанин әлем Кубогының спринттік кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин классикалық спринт түрінен Швейцарияның Давосында өткен әлем Кубыгының 12-кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Финалда қазақстандық 3 минут, 25,6 секунд уақыт көрсеткішімен швейцариялық Дарио Колоньюді екінші орынға ығыстырды. Үштікті жерлесімізден алты секундқа қалып қойған италиялық Федерико Пеллегрино түйіндеді. 

Қазақстан атынан сынға түскен тағы бір шаңғышы Николай Чеботько финалдық нәтиже бойынша бесінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, Плоторанин ақтық сынға дейін ширек және жартылай финалдық кезеңдерде қарсылас шақ келтірмеді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: i-news.kz 

Б. Қосмағамбет