Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Даниял Гаджиев: «Лондон Олимпиадасына жарақатпен қатыстым»

Даниял Гаджиев: «Лондон Олимпиадасына жарақатпен қатыстым»

Даниял Гаджиев: «Лондон Олимпиадасына жарақатпен қатыстым»

Даниял Олимпиада ойындарынан кейін алғашқы жаттығуын бірнеше апта бұрын АҚШ жерінде өткен Шульц Мемориалына барардың алдында бастаған екен. Ол турнирде біздің балуан финалға дейін жетті. Өкінішке орай, финалдық белдесуге Гаджиев жарақатына байланысты шыға алмады.

- Олимпиада ойындарынан кейін мен жаттығуды Америкада бастадым. Лондоннан кейін менде ұзақ уақыт демалыс болды. Сосын ескі жарақаттарымды емдеттім. Жаттығу залына бір ай бұрын ғана келдім. АҚШ-тағы жарыста жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Өйткені, мен ол жақта үш белдесуде жеңдім. Ал финалдық кездеуге бапкерлер шықпағанымды жөн санады.

- Жарақатымды емдедім деп қалдыңыз. Сонда сіз Лондон Олимпиадасына жарақатпен қатыстыңыз ба?

- Солай десе де болады. Олимпиададан соң мен мұрныма операция жасаттым. Мұрнымның толық емделуіне бірнеше ай керек болатын. Дегенмен дәрігерлердің айтқан уақытынан ерте боз кілемге шығып кеттім. Шульц Мемориалындағы жартылай финалдық белдесуде қарсыласым мұрыма тиіп кеттті. Сондықтан мен финалда белдесе алмадым.

- Демалысыңыздың басым көпшілігінде жарақатыңызды емдетіп жүрдіңіз бе?

- Жоқ. Мен Лондоннан оралған соң екі-үш ай демалдым. Отбасыммен бірге болдым. Ал қараша айынан бастап дәрігерлерге қарала бастадым.

- Оқу-жаттығу жиындары барысында қолыңыз босағанда не істейсіз?

- Шыны керек, бізде бос уақыт көп бола бермейді. Себебі, күніне екі немесе үш мәрте жаттығулар өткіземіз. Одан кейін ешқайда қыдыруға да шамаң келмей қалады. Жиындар барысында бір уақыттық жаттығу болса, біз командамен кешке қаланы аралап, кинотеатрға барамыз.

- Күрестен басқа қандай спорт түріне қызығасыз?

- Маған негізі көптеген спорт түрі ұнайды. Бос уақытымда теннис, футбол, баскетбол, волейбол ойнаймыз жігіттермен. Және дзюдоны да ерекше ұнатамын.

- Қандай командаға жанкүйерсіз?

- Мен өзімді шынайы жанкүйермін деп айта алмаймын. Дегенмен, дағыстандық «Анжи» футбол командасының ойындарын жиі қарап тұрамын. Бұл команданы қазір Сүлейман Керимов басқарады. Бұл кісі бір кездері күрестің дамуына да елеулі үлес қосқан.

- Жаттығу жиындары барысында сіздер футбол ойнайтын шығарсыздар. Сол кезде сіз алаңның қай бөлігінде ойнайсыз?

- Әдетте мен жартылай қорғаушы міндетін атқарамын. Кейде шабуылшы да болып кетемін. Қорғаушы және қақпашы қызметін атқарған мүлде ұнамайды.

- Даниял, енді өзіңіздің жеке өміріңіз туралы айтып берсеңіз...

- Мен әзірге сұр бойдақпын. Алдағы қыркүйек айына дейін отбасылы болып қалатын шығармын.

- Үлкен спорттан кету туралы ойланбадыңыз ба әлі?

- Егер Олимпиада ойындарын жеңген болсам, ойлануға болар еді. Дегенмен Лондонда қола алған соң, спортты жалғастыра беремін деп шештім.

- Үлкен спорттан кеткен соң, қандай іспен айналысатын боласыз?

- Спорттың маңайында қалатын шығармын. Әлі де болса ол жағын шешкен жоқпын. Бапкер болуға да қарсы емеспін.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Уалихан Қосанбай

Сурет: astanafans.com, www.wrestling.kz, sports.kz

954 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 14 ақпан 2013, 18:32
Пікірлер
+0
14 ақпан 2013, 16:58

жақсы әңгімелер айтыпты. жүн-жүн болған түрінен сол :lol: :lol: :lol:

+0
14 ақпан 2013, 17:12

Жарақаты болса да, қола алу деген... Нағыз ерлік емей, немене :roll:

+0
14 ақпан 2013, 18:26

Қола болса да қайда жатыр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...