Геннадий Головкин - қаңтар айының үздік боксшысы

Геннадий Головкин - қаңтар айының үздік боксшысы

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді WBA тұжырымының ұйымдастырушылары қаңтар айының үздік боксшысы деп таныпты. Бұл туралы WBA-дің ресми сайты хабарлайды.

Бұл атаққа Головкин америкалық боксшы Габриэль Росадоға қарсы кездесу өткізіп, WBA тұжырымындағы чемпиондық атағын қорғап қалған соң лайық болған екен.  Айта кетейік, Головкин Габриэль Росадоға қарсы кездесуін 19 ақпан күні өткізіп, кездесудің 7 раундында техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ертеректе айтқанымыздай, отандасымыз келесі кездесуін 30 наурыз күні Монте-Карлода (Монако) өткізетін болады. Ол кездесудегі  Генаның қарсыласы 37 жасар жапондық боксшы Нобухиро Ишида болмақ.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

 

Ю. НИКУЛЛИН