Зульфия Чиншанло 2012 жылғы әлемнің үздік ауыр атлеті атанды

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
Зульфия Чиншанло 2012 жылғы әлемнің үздік ауыр атлеті атанды

Ауыр атлетикадан Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Чиншанло 2012 жылдың ең үздік ауыр атлеті атағына ие болды.

БӨЛІСУ

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы өткен аптада 2012 жылдың үздік ауыр атлетін анықтау үшін дауыс жинау шарасын өткізген болатын. Қорытындысында Йено Боскович атындағы жылдың ең үздік атлетіне берілетін сыйлық біздің отандасымыз Зульфия Чиншанлоға бұйырды.

Бұл сыйлықты алғаныма өте қуаныштымын. Дегенмен мен 2012 жылдың үздік ауыр атлеті боламын деп мүлде ойлаған жоқ едім. Енді жуық арада Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшылары сыйлықты ресми түрде табыс етеді. Мен үшін дауыс берген барлық адамдарға алғысым шексіз”, - дейді Олимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Чиншанло.

Жалпы өткен жылдың үздік ауыр атлеті атанған спортшылардың барлығы дерлік Лондон Олимпиадасының жүлдегерлері болып шықты. Әйелдер арасында дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орынды тағы бір біздің отандасымыз Майя Манеза иеленіпті.

Сондай-ақ, үшінші орын да отандасымыз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобдеоваға бұйырған екен.

Ерлер арасында да 2012 жылдың үздік ауыр атлеті анықталды. Негізінен дауыс беру басталар алдында біраз маман жылдың үздігі болады деп бірауыздан Илья Ильинді айтқан еді. Дегенмен, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы дауыс беру барысында күтпеген жерден ирандық Бехдад Салимикордашиабидан жеңіліп қалып, екінші орынды алды. Ерлер арасында үздік үштікті польяк зілтеміршісі Адриан Зелински қорытындылапты.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: yvision.kz