Еуро-2015. Жастардың қарсыластары анықталды

Еуро-2015. Жастардың қарсыластары анықталды

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан жастар құрамалары арасындағы "Еуро - 2015" електеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Бас бапкер Сергей Боровский бастаған Қазақстан жастар құрамасы жеребе қорытындысы бойынша Франция, Беларусь, Армения және Исландия жастар құрамаларымен бірге 10-топта өнер көрсететін болды. Ал іріктеу кезеңдерінің ойындар күнтізбесі құрама өкілдерінің өзара келісімінен кейін белгілі болады.

Дегенмен, ойындар үстіміздегі жылдың 22 наурызында басталуы тиіс. Іріктеу қорытындысы бойынша, жастар арасындағы Еуро-2015 додасына 10 топтың 10 үздігі және өз топтарында екінші орын алған командалардың ішінде көрсеткіштері жоғары төрт құрама жолдамаға иелік етеді.

Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңі 2015 жылы Чехияда өтеді. Жарысты ұйымдастырушы ретінде алаң иелері Чехия құрамасы ешқандай да іріктеусіз, жарысқа автоматты түрде қатысады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:kff.kz 

Ю. НИКУЛЛИН