Михаэль Шумахер

Михаэль Шумахер

Михаэльдің аты бүкіл Германияға ғана емес сонымен қатар «Формула 1» бәйгесінің  әрбір жанкүйеріне  таныс десек қателеспейміз. Шумахер - әлемнің жеті дүркін чемпионы көптеген жарыстардың жеңімпазы дүниежүзіндегі ең жүйрік пилот. Дүниежүзінде бұл неміс фамилиясын естімеген адам қалмаған шығар. Формула 1 бәйгесінің  көптеген жүйріктері Шумахердің жетістігін  қайталағысы келгенімен олардың барлық әрекеттері сәтсіздікке ұшырап жатты. Сонымен бұл әйгілі пилот туралы тағы не білеміз? Қызық болса, әңгімемізді одан ары  жалғастырайық.

 Михаэль Шумахер 1969 жылдың 3 қаңтарында Германия елінде дүниеге келген. «Шумидің» әкесі (көптеген БАҚ Шумахерді сөйтіп атайды) шанағы жоқ көліктер жарыстарын өткізетін клубтың басқарушысы болып қызмет атқарған. Осылайша, Шумахердің мамандығы балалық шағында қалыптасты деп айтуға болады. Кішкентай  Михаэль көлік айдауды ерте бастаған. Соның салдарынан,  Шумахер 14 жасында пилот лицензиясына қол жеткізген болатын. Сол кезден бастап Шуми көптеген жарыстарға қатысып, бәсекелестерімен бақ сынасқан. 17 жасқа дейін Шумахер бірнеше еуропалық чемпионаттарда жеңіске жетіп, 21 жасында «Формула-3» жарысында алғашқы чемпион деген атақты иеленген болатын. Кейін келе, Шуми Жапонияның «Формула-3000» жарысында көзге түсіп,  1991 жылы Бельгияда өткен Гран-При жарысында «Jordan» командасының құрамында өнер көрсеткен. Сол кезде Шумахер мәре сызығын жетінші кесіп өткені үшін жанкүйерлердің көзайымына айналып, сол кездегі танымал пилоттарды таң қалдырған. Бұл Шумахердің «f1» көлігіндегі алғашқы жарыс екенін ескерсек, көрсетілген нәтиже таң қалдырарлық деуге толық негіз бар.

1993 жыл Михаэль үшін өте сәтті өткен – Португалияда өткен барлық жарыстарда басымдық танытып, қайта -қайта жеңіс тұғырынан көрінген. Ал 1996 жыл дүниежүзіне әйгілі пилоттың тағдырын шешкен бұл жылы Шумахер әлемге әйгілі «Ferrari» компаниясымен келісім-шартқа қол қойған. Шумахер «Ferrari» компаниясының сенімін ақтап, 17 жыл бойы сәтсіз нәтиже көрсеткен итальяндық команда қайта жанданып, нәтижесінде 3 жеңіске қол жеткізген. Бұл жеңістерді неміс пилоты әкелген болатын.

2001 жылы Шуми Ален Просттың рекордың қайталаған – бұрын сонды осынша Гран-Приді ешкім жеңген емес. 2004 жылы Михаэль жетінші рет әлем чемпионы атанады. Бұл оқиғадан кейін Шумахер бүкіл әлемге әйгілі болып, көптеген жанкүйерлердің кумиріне айналған. 2010 жылдың желтоқсанында Шуми «Merсedes GP» командасымен өз өміріндегі ең жемісті келісім-шартқа отырып, қазір неміс командасының намысын қорғап жүр. Айтпақшы, бұл келісімнің шарты бойынша Михаэльдің жалақысы 7 млн еуроны құрап отыр. Қазір Шумахер өз жанұясымен Швейцария елінде өмір сүріп  жатыр.

Суреттер gp-1.ru сайтынан алынған