Мария Шарапова Australian Open турнирінің жартылай финалынан сүрінді

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Мария Шарапова Australian Open турнирінің жартылай финалынан сүрінді

Ресейлік Мария Шарапова теннистен Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалынан әрі аса алмады.   

БӨЛІСУ

Шарапова жартылай финалдық матчта турнирдің алтыншы ракеткасы қытайлық Ли Намен кездескен болатын. Теннисшілер кордта 1,5 сағаттан астам уақыт өткізді. Ресейлік қыз алты қосарланған қателік жіберсе, Ли На біреуімен ғана көзге түсті. Нәтижесінде кездесу есебі 2:6, 2:6 болып, қытайлық қыздың пайдасына шешілді.

Осыған дейін, екі теннисші 12 рет кездесіп, оның сегізінде жеңісті ресейлік қыз тойлаған екен.   

Енді Ли На финалда беларусьтік Виктория Азаренкомен кордқа шығады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sovsport.ru