Лучано Спаллетти «Челсидің» бас бапкері болуы мүмкін

Лучано Спаллетти «Челсидің» бас бапкері болуы мүмкін

Санкт-Петербургтық «Зениттің» бас бапкері Лучано Спаллетти жазғы маусымаралық үзілісте Лондондық «Челси» командасының тізгінін ұстауы мүмкін.

Италияндық маман «ақсүйектерді» тек жаз айында Рафаэль Бенитестің келісім-шарты аяқталғанда ғана жаттықтыра алады. Ағылшындық басылымдардың айтуынша, Спаллеттиді Лондонға «Челси» командасының қожайыны Роман Абрамовичтің өзі шақыртып отыр екен.

Естеріңізде болса, 2012 жылдың жазында бірінші рет Лучано Спаллеттиге жұмыс орнын Лондонға ауыстыру туралы ұсыныс түскен болатын. Дегенмен, италияндық маманның өзі ол ұсыныстан бас тартып, питерлік командамен келісім-шартын 2015 жылға дейін созған еді.

Айта кетейік, егер биыл да Спаллетти «Челси» клубының бас бапкері болмаса, онда Абрамович командаға мадридтік «Реалдың» бапкері Жозе Моуриньюды шақыртатын болады. 

 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН