Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Құдайдың қолы

Құдайдың қолы

Футбол әлеміндегі ең танымал тұлғалардың бірі - Диего Армандо Марадона. Бұл аргентиналық футболист жайлы біріміз білсек, біріміз оның тек аты-жөнін ғана естідік. Бұл әңгімеміз аргентиналық теңбіл доп жұлдызы жайлы болмақ.

Марадона 1960 жылы 30 қазанда Буэнос-Айрестың Ланус деген елді-мекенінде дүниеге келген. 2011 жылдың соңында Диегоға Аргентинаның ұлттық құрамасын басқару ұсынысы түскен, бұл Марадонаның арманы еді. Туған күніне екі тәулік қалғанда Диего Марадона ұлттық құраманың жаттықтырушысы болып тағайындалды. Міне, нағыз тосын сый деп осыны айт. Өз елінде аргентиналық футболист «Теңбіл доп құдайы» ретінде танылады.

Бірақ, соңғы кездері Марадона жайлы теріс сыбыстардың жиілеп кеткені оның атына кір келтіріп жатыр-ау. Бұған қоса, ол саяси бағыттарды белсенді қолдап, Куба көсбасшысы Фидель Кастромен, Венесуэла президенті Уго Чавеспен және бүкіл әлемге есімі белгілі боксшы Майк Тайсонмен достасып, әлемдегі белгілі тұлғалардың біріне айналды.

Аргентинаның Росарио қаласында 10 жыл бұрын пайда болған «Марадона Шіркеуін» футболисттің достары мен жанкүйерлері тұрғызып, жыл сайын бүкіл дүниежүзінен 120 мыңға жуық адам осы жерге келеді екен. Шіркеу мүшелері 22 маусымды өздерінше «пасха» мейрамы ретінде тойлайды. Дәл осы күні 1986 жылы Марадона Англия құрамасының қақпасына қолмен доп кіргізіп, кейін бұл гол «Құдайдың қолы» деп аталып кеткен.

Мексикада футболдан өткен әлем чемпионатының ширек финалында, бойы аласа Диего допқа басымен жете алмайтынын сезіп, допты қақпаға қарай қолмен бағыттап жіберген. Арбитр алаң ортасына көрсеткенде, айналадағы қалың жұрт таң қалған. Бірақ, бұл шешімді өзгерту мүмкін емес еді. «Құдайдың қолымен» соғылған голдың арқасында таблода 1-0 есебі көрінді. Кездесу аяқталғанда, Марадона өз сөзінде былай айтқан еді: «Егер қол болса да, бұл Құдайдың қолы». Бұл сөз тіркесі халық арасында афоризм ретінде таралып, соғылған гол футбол тарихындағы ең таң қалдырарлық және ерекше голдардың біріне айналды. Осы орайда, ағылшындық БАҚ көздері бұл оқиғаны «сайтанның қолы» деп атап кеткен.

Құдайдың қолымен соғылған доп

Арада 22 жыл өткеннен кейін Марадона бұл ісі үшін кешірім сұрап, былай деген: «Егер де менде өткен уақытқа оралатындай мүмкіндік болса, мен тарихты өзгертер едім. Ал маған тек кешірім сұрау ғана қалды. Болған іс болды. Аргентина Әлем Чемпионы атанса, мен Дүниежүзінің үздік футболисті атағын еншіледім». 1986 жылы Аргентина екінші мәрте Әлем Чемпионы атанды.

Сурет admcsport.com, vk.com сайтынан

Форумда талқылау

734 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 24 ақпан 2012, 17:00
Пікірлер
+0
24 ақпан 2012, 17:39

әй, Марадона кірәсәпщик қо

+0
25 ақпан 2012, 13:25

кәнечна!!!

+0
24 ақпан 2012, 17:44

Расында да, құдайдың қолы екен

+0
24 ақпан 2012, 17:45

Олай теңеген астамшылдық емес пе?

+0
24 ақпан 2012, 17:50

Марадонаның сөзі ғой

+0
27 ақпан 2012, 16:37

Әрине бұл пікір қате

+0
24 ақпан 2012, 17:52

"Құдайдың қолы" дегенге кіріп қалсам, футбол туралы екен ғой. ))

+0
24 ақпан 2012, 18:44

секта жайлы деп ойлап қалған боларсыңыз? :D

+0
24 ақпан 2012, 18:47

секта, ха))

+0
24 ақпан 2012, 18:57

Батыстан болдыңыз ғой)) сыңыз?

+0
24 ақпан 2012, 19:26

жоқ, тек сыпайылау көрінейін дегенім ғой)))

+0
24 ақпан 2012, 20:05

Батыспен шайқаспаң!

+0
24 ақпан 2012, 18:02

Айтар сөз тауыпты)))

+0
24 ақпан 2012, 19:38

Неге батыстан болуы керек екен, м?

+0
24 ақпан 2012, 20:06

Сәуле, өйткені сөз қолданысы батыстікі

+0
24 ақпан 2012, 20:13

Батыстанбыз ғой,бірақ ондай сөз тіркесін қолданып көрмеппін, сол ғой таңданып отырғаным

+0
24 ақпан 2012, 20:32

Сіздің есіміңіз неге Светлана?

+0
24 ақпан 2012, 20:35

Тағдыр шығар )))

+0
24 ақпан 2012, 20:38

Маңдайға жазылған? Сәуле десем бола ма?

+0
24 ақпан 2012, 20:40

Өз есіміммен атаған тіптен жақсы

+0
24 ақпан 2012, 20:41

Еее қойшы! Сәулесін, үзілді кесілді

+0
24 ақпан 2012, 20:46

Басқаның аузына қайдан қақпақ болайық , өзіңіз білесіз енді...

+0
24 ақпан 2012, 21:29

Пернетақтасындағы қолыңа шығар? Әлде ойыңа ма?

+0
25 ақпан 2012, 22:58

Әңгіме негізі футбол, Марадонаның қолы емес пе? Света ол Света өзгертудің қажеті жоқ.
Марадонаға келетін болсақ қазіргі Лионель Мессиге қарауымызға тұрарлық.. Ойын ойнау тәсілі, стилі өте ұқсас!)))

+0
26 ақпан 2012, 02:57

Дұрыс айтасыз, міне әңгіме қайда жатыр

+0
26 ақпан 2012, 03:11

Келісемін, Сәуле. Тақырыпқа үңілейік

+0
26 ақпан 2012, 03:11

Кака сияқты жоғалып кетсе деген күдік бар

+0
26 ақпан 2012, 13:57

Кез келген адам ерте не кеш жоғалады ғой) Осыдан 10 жыл бұрын Бразилиялық Роналдо болған аты дүркіреп, Украиналық Шевченко болған, Осыдан 20 жыл бұрын немістің Юрген Клинсманн деген ойыншысы болған, Голландияның Райкаард, Гуллит, Ван Бастен атақты триосы болған) Қазір олар барі демалыста,
Мессиге келетін болсам, мына қазіргі Барселонадан бәрі жан-жаққа ыдырап кетпейінше өзінің керемет ойының ойнайды.
Кака жоғалған жоқ. Кака- Әлемдегі әйгілі клубтарының бірінде Мадридтың "Реалында" өнерін көрсетіп жүр. Негізгі құрамның мықты ойыншысы болмаса да, жанкүйерлер назарынан қалған жоқ.

+0
26 ақпан 2012, 17:38

Алдынғысың түсімбедім, қазіргі Кака Миландағы өнер көрсеткен Какаға мүлдем ұқсамайды. 1-2 жыл күте тұрайық, Месси өз бабында бола ма екен.
Ең мықтылардың мықтысы мен үшін ол атақты Зейнеддин Зидан болып қала береді, басайналдыратын финттерін айт...

+0
26 ақпан 2012, 17:39

сосын Шевченко мен Роналдо арасында Павел Недведті ұмытып кеттің

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
Би өнерінің қызықтары
Би өнерінің қызықтары

Би-менің екінші өмірім.

Автор: tansamal tolebay
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім

Жайна Сламбек:
Жайна Сламбек: "Мен уақытты қадірлейтін, миды "қоқыр-соқырмен" толтырмауға тырысатын адамдардың бірімін"

Бәрінің бастауы - көркем әдебиет. Кітап оқымайтын ұлтқа айналып барамыз, кілтипан...


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...