Видео: Гюзель Манюроваға көлік табыс етілді

Видео: Гюзель Манюроваға көлік табыс етілді

2012 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, еркін күрестен әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Гюзель Манюроваға Hyundai Sonata көлігі табыс етілді.

пр

Серік Сейдуманов спортшыны сыйлығымен құттықтап жатыр

"Маған Алматы қаласының әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов телефон шалып, сыйлықтың дайындалып жатқандығын айтты. Жаңа жыл қарсаңында өзім де көлік сатып алғалы жүр едім. Әкімшілікке сыйлықтары үшін алғыс айтамын", - деді Гюзель журналистерге берген сұхбатында.

к

Палуанның айтуынша, спорт жетістікке жетудің ең қиын жолы. "Дегенмен бұл салада жетістікке жеткен адам материалдық жағдайға да, махаббатқа да, құрметке де ие болады. Сондықтан талмай еңбек етіп, қиыншылықтарға мойымай шыдау керек", - деп сөзін түйіндеді Манюрова.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Дмитрий Хегай