Шведова Australian Open турнирінің жекелей сынынан сүрінді

Шведова Australian Open турнирінің жекелей сынынан сүрінді

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова "Үлкен дулыға" жарыстарының алғашқысы саналатын Australian Open турнирінің жекелей сынында бірінші айналымынан әрі аса алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бірінші айналымда ол неміс қызы Анника Бекпен кездескен еді. Матчтың бірінші сетін отандасымыз өте сәтсіз өткізіп, нәтижесінде екі-ақ геймді өз пайдасына жарата алды. Сөйтіп, алғашқы сет қорытындысы 2:6 есебімен Анниканың пайдасына жазылды. Ал екінші сетте Шведова ширақ қимылдап, сетті тай-брейкке дейін жеткізді. Нәтижесінде ол 9:7 есебімен сетте жеңіске жетті.  

Шешуші үшінші сетте Шведова ойынды өз қолына алып, 3:0 есебімен алда тұрған еді. Алайда одан кейін жанданған Анника Бек ойынға шындап кірісті. Сөйтіп жүріп, есепті теңестірді де. Дәл осындай қарсылықты күтпеген Шведова абдырап қалды. Осыны ұтымды пайдаланған неміс қызы сетті 3:6 етіп аяқтап, қорытындысында матчта жеңіске жетті. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет