Воскобоеваның Australian Open турниріндегі қарсыласы анықталды

Воскобоеваның Australian Open турниріндегі қарсыласы анықталды

Теннистен Австралия ашық біріншілігі аясындағы бірінші айналым матчында қазақстандық Галина Воскобоева америкалық Винус Уильямспен кездесетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Винус Уильямс осыған дейін бұл турнирде топ жарып көрмеген. Бірақ 2003 жылы финалға дейін жетіп, сіңлісі Серена Уильямсқа жол берген екен. Қазақстан атынан сынға түсетін тағы бір теннисші қыз Ярослава Шведова турнирдің негізгі раунды аясында германиялық Аника Бекпен кездесетін болды. 

Сондай-ақ, Сесиль Каратанчева қытайлық Ли Намен кездессе, Ксения Первак неміс Мона Бартельпен кордқа шығады. Ерлер арасынан Қазақстан атынан жалғыз теннисші Михаил Кукишкин аустриялық Юрген Мельцермен күш сынасады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет