Гай Ричи Бекхэммен жұмыс жасауда

Гай Ричи Бекхэммен жұмыс жасауда

Бекхэмның бұл суретін көрген адам таңғалмай қоймас. Мәселе былай болған екен...

H&M компаниясы Гай Ричиды David Beckham Bodywear коллекциясының жаңа жарнама ролигін түсіруге шақырған. Режисер бірден адамдарды таңғалдыратын әдіске көшкен. Футболшы, дизайнер Дэвид Бекхэм оның барлық айтқан «еркелігін» көтеруі керек болыпты.

Өткен жылы атақты ағылшын футболшысы өзінің ең бірінші іш киім коллекциясын ұсынған еді (David Beckham Bodywear at H&M). Ол жаңа іш киімінің дизайнын ғана жасап қоймай, сол тауар белгісінің брендіне айналып отыр. Гай Ричидің басқаруымен түсірілген видеороликте Дэвид Беверли-Хиллз саябақшаларын аралап, ондағы көшелерде жүгіріп өтеді. Әрине, ол тек David Beckham Bodywear at H&M іш киімін киген.

Гай Ричи футболшының рөл сомдау шеберлігіне тәнті болғанын жеткізіпті. Бұл оның ең бірінші жарнама ролигі емес-тін. Бұған дейін ол Dior тауар белгісіне арнайы жарнама ролик түсіріп берген еді...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rewalls.com

А. Құлтай