Месси Мюллерге жейдесін сыйлады

Месси Мюллерге жейдесін сыйлады

Аргентина құрамасы мен каталондық «Барселона» командасының шабуылшысы Леонель Месси атақты неміс шабуылшысы Герд Мюллерге спорттық жейдесін сыйлады. Бұл туралы мюнхендік «Бавария» клубының ресми сайты хабарлайды.

2012 жылғы «Алтын доптың» иегері 10-нөмірлі спорттық жейдеге өзінің қолтаңбасын қойып берген екен. Жейдеде: «Құрметпен әрі сыйластықпен Герд Мюллерге» деген жазу да бар.

Естеріңізде болса, Месси осы маусымда Герд Мюллердің 1972 жылғы 82 гол соғып орнатқан рекордының мұртын 92 голмен бұзған болатын.

Айта кетейік, 2012 жылы Лео Месси «Алтын допты» төртінші рет алып, футбол тарихына өзгеріс алып келген. Ертеректе үздік ойыншыға берілетін «Алтын допты» Мишель Платени, Йохан Круифф және Марко ван Бастен үш реттен алған. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz 

Ю. НИКУЛЛИН