Зарина Дияс AUSTRALIAN OPEN турнирінің бірінші айналымында неміс қызымен кездесетін болды

Зарина Дияс AUSTRALIAN OPEN турнирінің бірінші айналымында неміс қызымен кездесетін болды

Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс Australian Open турнирінің іріктеу кезеңінде германиялық Катрин Верлемен кездесетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

WTA рейтингісінің 263-орнында тұрған Заринаның қарсыласы 220-нөмірмен сынға түспек. Верле ақпан айында 29-ға толады, әзірге үлкен жарыстарда ауыз толтырып айтатын жеңістерге жете қоймаған. Десек те, 19 жасар Зарина Диясқа тәжірибелі ойыншыға қарсы өтетін ойын оңайға соқпасы анық.   

Айта кетейік, қазақ қызы осы күнге дейінгі матчтарында Германия өкілдерінен бірде-бір рет жеңіліп көрмепті. Не десек те, ойын ертең өтеді. Нәтижесін сіздерге хабарлайтын боламыз.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет