Юрий Красножан Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Юрий Красножан Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Жақында ғана ресейлік «Кубань» футбол командасының бас бапкерлік міндетінен айырылған Юрий Красножан Қазақстанға келуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік Sports.ru спорт порталы хабарлайды.

Ресейлік басылымдардың айтуынша, бүгінде Қазақстанда жас, талантты ойыншылар көп. Дегенмен, сол ойыншыларды бір арнаға тоғыстырып, бастарын біріктіретін мықты маман жоқ. Бұл олқылықтың орнын толтыратын тап осы Юрий Красножан дейді ресейліктер. Егер маман елімізге келіп жатса, ол Қазақстан ұлттық құрамасы мен елордалық «Астана» командасының тізгінін ұстайтын болады.

Сондай-ақ, Красножанның алдына ұлттық құрама мен «Астана» командасының нәтижелерін жақсарту деген мақсат қояды делінген порталда. Маманның нақты шешім қабылдауына Қазақстан Футбол Федерациясы екі аптаға жуық уақыт та берген екен.

Айта кетейік, Юрий Красножан осы уақытқа дейін «Кубань» командасынан өзге, мәскеулік «Спартак», «Локоматив,» махачкалалық «Анжи» және де Ресейдің екінші құрамасын жаттықтырған. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sovsport.ru

Ю. НИКУЛЛИН