Шведова 1/4 финалдан аса алмады

Шведова 1/4 финалдан аса алмады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова Жаңа Зеландияда өтіп жатқан WTA ASB Classic-2013 турнирінің жекелей сынындағы жарысынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жарыстың екінші кезеңінде жерлесіміз WTA рейтингісінде 68-ші орында келе жатқан ресейлік Елена Веснинамен кездескен еді. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылып, жеңіс Ресей теннисшісіне бұйырды. Есеп: 6:2, 6:3. 

Веснинаның келесі қарсыласы Агнешка Радваньска (Польша) - Симона Халеп (Румыния) жұбының ойынынан кейін анықталады. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жарыстың бірінші айналымында тағы бір отандасымыз Галина Воскобоева сүрінген еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: dailynews.kz

Б. Қосмағамбет