Иско Еуропаның ең жас үздік ойыншысы атанды

Иско Еуропаның ең жас үздік ойыншысы атанды

Испандық «Малага» командасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Иско 21 жасқа дейінгі футболшылардың арасындағы үздігі атанды.

Бұл сыйлық жыл сайын «Tuttosport» басылымының таңдауы бойынша беріледі. Үздік ойыншы атану үшін Иско «Миланның» шабуылшысы Стефан Эль-Шаарави және «Атлетико» командасының бағана күзетшісі Тибо Куртуадан озды.

«Мен өте қуаныштымын. Мұндай  атақты ертеректе мен ойындарына қызыққан футболшылар алған. «Үздік ойыншы» атағы алдағы уақытта мені екі есе жігерлендіріп, әлем футболының жұлдызына айналуға көп септігін тигізеді деп ойлаймын», -дейді Иско.

Айта кетейік, ертеректе бұл атақты «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси, Сеск Фабрегас «МЮ» шабуылшысы Уэйн Руни, «МС» шабуылшысы Марио Балотелли, «Дортмундтың» жартылай қорғаушысы Марио Гетце секілді ойыншылар жеңген.

 Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН