Кравт - Алматыда өткен құрлықаралық кезеңнің жеңімпазы

Кравт - Алматыда өткен құрлықаралық кезеңнің жеңімпазы

Аустриялық спортшы Стефан Крафт шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Алматыда өткен құрлықаралық жарыстың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық трамплиншілер іріктеу кезеңнен әрі аса алмай, "үздік отыздыққа" да енбей қалды. Отандастарымыз арасынан жоғары нәтижені Сабыржан Мүмінов (37-орын) пен Алексей Королев (40-орын) көрсетті. 

Трамплиннен секіру. Құрлықаралық Кубогы. 2 кезең. Алматы (Қазақстан)

1. Стефан Крафт (Аустрия) - 255,8 ұпай
2. Клеменс Муранка (Польша) - 252,0 
3. Давид Заунер (Аустрия) - 250,1 
...
37. Сабыржан Мүмінов (Қазақстан) - 88,0 
40. Алексей Королев (Қазақстан) - 84,3 
48. Радик Жапаров (Қазақстан) - 77,7 
49. Марат Жапаров (Қазақстан) - 76,3 
50. Константин Соколенко (Қазақстан) - 74,4 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kursiv.kz

 

Б. Қосмағамбет