"Астана" баскетбол клубы "Портлендтің" экс-ойыншысымен келісім-шартқа отырды

 "Астана" баскетбол клубы "Портлендтің" экс-ойыншысымен келісім-шартқа отырды

"Астана" баскетбол клубы ресми түрде жаңа америкалық ойыншы Армон Джонсонмен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Келісім маусым соңына дейін жоспарланған. 

Армон Джонсон 1989 жылы туылған. Салмағы 88 килограмм, бойы 193 сантиметр. Джонсон - осыған дейін "Невада" (NCАA) клубында өнер көрсеткен. Одан соң NBA клубы "Портлэнд Трэйл Блэйзрис" клубына ауысады. Ол жерде 40-тан аса ойынға қатысқан. 

Өзінің жас шамасына қарамастан, Джонсон "Айдахо Стэмпид" (D-League) клубында да ойнап үлгерген. Кейін ресейлік миллиардер Михаила Прохоровтың иелігіндегі "Нью Джерси Нэтс" клубына ауысады.  

Одан соң өз мансабын "Астана" клубында жалғастыруды шешкен екен. Джонсон командаға жақын арада қосылып, эстондық "Калев" клубына қарсы ойнайтын болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: iamatrailblazersfan.com

 


Б. Қосмағамбет