Дмитрий Бабенко Қытайда жолдамаға таласып көреді

Дмитрий Бабенко Қытайда жолдамаға таласып көреді

29-30 желтоқсан күні Қытайдың Чангчун қаласында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша, Азия аймағынан әлемдік додаға іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Берілген екі жолдаманың біріне Қазақстан құрамасының үздігі, Астанада өткен әлем кубогының кезеңінде 10 000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден ұлттық рекорд орнатқан Дмитрий Бабенко таласып көрмек. 

Оның басты қарсыласы Ванкувер Олимпиадасының жеңімпазы кореялық Ли Сын Хун болып отыр. Ол сонымен қатар, әлемдік және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 

Азиялық жарыстан бұрын, 8-9 желтоқсан аралығында Жапонияның Наганосы мен 15-16 желтоқсан күндері қытайлық Харбинде әлем кубогының екі кезеңі өтеді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosportkz.kz

Б. Қосмағамбет