Давид Феррер Испанияның үздік теннисшісі атанды

Давид Феррер Испанияның үздік теннисшісі атанды

Испанияның теннис журналистер қауымдастығы Давид Феррерді 2012  жылғы елдің үздік теннисшісі деп таңдады.

Үстіміздегі маусымда Феррер АТР санатының жекелей сынында 7 турнирде топ жарған. Соның ішінде Masters сериясына жататын Париж ашық біріншілігінің де жеңімпазы.

Давид бұл атақты өзінің спорттық мансабында екінші рет жеңіп отыр. Ол 2006 жылы жылы алғаш рет Испанияның үздік теннисшісі атанған болатын.

«Маусым мен үшін өте сәтті өтті. Дегенмен Дэвис Кубогі жолындағы жеңіліс өте өкінішті болды. Жеңіске қарағанда сәтсіздік әрбір спортшының жадында жақсы сақталады. Бірақ, мен ол сәтсіздікті тез ұмытып, алдағы маусымға тас-түйін дайын боламын», - дейді Феррер.

Айта кетейік, 30 жасар теннисші алдағы маусымды АТР кестесінің бесінші сатысында бастайды. Ол алтыншы сатыда орналасқан чех жігіті Томаш Бердыхтан 2000 ұпай озып келеді.  

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

Л. Лига