Sports Illustrated журналы Леброн Джеймсті "әлемнің үздік спортшысы" деп атады

Sports Illustrated журналы Леброн Джеймсті "әлемнің үздік спортшысы" деп атады

Амеркалық Sports Illustrated басылымның нұсқасы бойынша, 2012 жылдың үздік спортшысы болып «Майами» баскетбол командасының орталық шабуылшысы Леброн Джеймс танылды.

«Майами» шабуылшысы үстіміздегі жылы баскетбол әлеміндегі барлық қол жетімді сыйлықтарды ұтқан. Ол Ұлттық Баскетбол Лигасының ең қымбат ойыншысы да атанды. Сонымен қатар ұлттық құрамасымен бірге Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.

«Басқа адамдарға қарағанда менің бойымда ерекше талант бар. Сондықтан мен жылдың үздік спортшысы атанып отырмын. Бұл мен үшін өмірімдегі ең керемет сәттердің бірі. Бірақ, бұл жетістіктерде жеттім деп босаңсудың еш қажеті жоқ. Алда әлі алар асуларым көп. Келер маусымда да сіздерді тамаша ойыныммен қуантамын», - дейді Джеймс.

Айта кетейік, Леброн жыл спортшысы атағына талас барысында жеңіл атлет Усэйн Болт, жүзгіш Майкл Фелпс, гимнасшы Габриэль Дуглас, теннисші Роджер Федерерден озған.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru

А. Құлтай